16.04.2020, 10:00

«Birgemiz»: қоры «жалақыңыздың 1%-ы ұсталады» деген хабарламаға қатысты жауап берді

фото: ktk.kz
Бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып ірі бизнесмендер қолдады.

"Birgemiz" қоры "мемлекеттік қызметкерлердің жалақысынан ақша ұсталады" деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Журналист Жамиля Маричева өзіне қорға жалақыдан ақша алынады деген хабарлама келгенін айтты.

"#bizbirgemiz компаниясы аясында жалақыңыздың 1%-ы ұсталады", - деп жазылған хабарламада. Белгісіз сайтқа сілтеме жасалған. 

"Біз мұндай хабарлама таратқан жоқпыз", - делінген қордың ресми мәлімдемесінде.

"Birgemiz" қорының төрағасы Руслан Сәкеевтің айтуынша, бюджеттік ұйым қызметкерлерінен ақша алу қор жұмысының мақсатына қарама-қайшы. Өйткені адам бұл қорға қаражатты өз еркімен беруі тиіс.

Еске сала кетсек, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мүмкіндігі бар қазақстандықтарды қиын кезеңде мемлекетке қолдау көрсетуге шақырған болатын.

Бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып ірі бизнесмендер қолдады.

Тегтер: жалақы