Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 7 науқас, Атырау облысында 3 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы ресми сайтқа сілтеме жасап.
"Бүгін сағат 16:00 дейін елімізде жалпы 273 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 153, Алматы қаласында – 67, СҚО – 5, Ақтөбе облысы – 2, Жамбыл облысында -3, Павлодар облысында- 1, Алматы облысында - 7, Қарағанды облысында - 2, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында - 15, Батыс - Қазақстан облысында -1, Маңғыстау облысында -1, Ақмола облысында – 8, Қызылорда облысында - 6 адам", - делінген ресми хабарламада.