$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбе облысында әкім адам қағып өлтірді

Жол апаты Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ ауылдық округінде орын алған. Жол шетінде тұрған екі жас жігітті жүйіткіп келген көлік қағып, салдарынан бірі қайтыс болыпты.

Кейінірек белгілі болғандай, жастарды қаққан көліктің тізгінінде жергілікті әкім Нұрлыбек Қалмағамбетов болған. Жәбірленген екеу бірқатар дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгенімен, олардың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмыпты. Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің айтуынша, қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қайтыс болған баланың студент екені анықталды. Ол Кеңқияққа тәжірибеден өту үшін келіпті. Ауылда туыстарының үйіне тоқтаған. Ата-анасы өзге қалада тұрады.

Н.Қалмағамбетовтың ауы әкімі болып тағайындалғанына жарты жылдан енді асыпты. Бұған дейін ол Сарыкөл ауылындағы мектептің директоры болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары