Қазақстандық Jokeasses жобасының авторлары Алматыдағы ірі сауда орындарының бірінде тұрғындардың мемлекеттік тілді қаншалықты білетіндігін анықтап көрмек болды.
Жасырын камера арқылы жүргізілген қойылымның басты кейіпкерлері - жүргізуші мен "Арлан" ұлттық киімдер театрының актерлары. Олар сауда орнының келушілеріне "Сіз қазақ тілін білесіз бе?" деген сауал қойып, білмейтіндерін көтеріп, камерадан тысқары жерге алып кетіп жатты.
Аталған бейнеролик жұрттың наразылығын тудырған жоқ, қайта көңілдерін көтеріп, сергітіп тастады. Ал, YouTube желісінде аталған бейнероликті көрушілердің саны 100 мыңнан асты. Талқылап жатқандар көрермен саны мыңға жуық.