Тәжікстан әлі күнге дейін COVID-19 дерегі анықталмаған елдердің бірі. Елде коронавирус таралмауының бірнеше нұсқасы бар. Тәжік Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус Қытайда анықталды деген сәттен-ақ қажет шара қабылдап үлгерген көрінеді. Алайда Қытаймен көршілес тұрған елде коронавирус инфекциясының анықталмағаны таңғаларлық жайт болып көрінеді. Тәжікстандағы жағдайды баяндайды.
"Sputnik Таджикистан" мәліметінше, 1 ақпан мен 13 сәуір аралығында елде 7,7 мыңға жуық адам карантинге жатқызылып, артынша 5,7 мың адам үйіне қайтарылған. Тағы 1,8 мың адам өз бетімен оқшауланған. Бұл ақпаратты портал елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сүйеніп хабарлаған.