Сенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, тек батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр жауады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.
«18 сәуірде еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батысы мен солтүстік-батысы Атлант мұхитынан келетін циклон ықпалында болады, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, батыста найзағай, бұршақ күтіледі», - деп жазылған хабарламала.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақтөбе облысында таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында, түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.