$ 498.34  519.72  4.85

Көлгінов ауыртпалық кезінде мемлекет тарапынан тұрғындарға беріліп жатқан қолдауларды «жіпке тізді»

Тұтастығымызды тағы бір рет дәлелдейтін күн туды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қазіргідей төтенше жағдай кезінде тұрғындарға мемлекет тарапынан көмек беріліп жатқанын айтып, түсіністік танытқан азаматтарға алғыс білдірді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының мұрындық болуымен халыққа көрсетілген көмектерді атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Төтенше жағдайдың енгізілгеніне де бір айдан аса уақыт өтті. Әрқайсыңыздың өмір сүру дағдыларыңызға өзгеріс енгізген шешімдердің барлығы да сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін қабылданды. Осынау кезеңде азаматтарымыз оны түсініп, қолдау танытып келеді. Ол үшін ризашылығымызды білдіреміз!

Қандай жағдай болмасын, басымызға түскен ауыртпалық кезінде тұрғындарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 20 наурыз күні халқына арнаған Үндеуі ел азаматтарына ой салып, тұрғындарымызды әлеуметтік жағынан қолдауға серпін берді. ҚР Тұңғыш Президенті: «Мен ұлтты ұйыстырудың, бірлік пен қоғамдағы келісімнің маңыздылығын үнемі айтып келемін. Тұтастығымызды тағы бір рет дәлелдейтін күн туды. Еліміздің барлық азаматтарын төзімділік танытуға, мемлекет қабылдап жатқан шараларды қолдауға шақырамын. Бірлік барда алынбайтын асу жоқ», - деді  ол.

Осы Үндеуден кейін елордамызда #Бізбіргеміз акциясы аясында, «Nur Otan» партиясының бастамасымен мынадай көмек көрсетілді:


1) 9725 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеті жеткізілді.

2) 7 категория бойынша (мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ерекше қажеттілігі бар балаларды асыраушылар, жетім балалар, көпбалалы аналар, зейнеткерлер және қиын жағдайға тап болған отбасылар) әлеуметтік аз қамтылған 14 478 отбасыға 50 000 теңгелей көмек берілді.

3) Волонтерлердің көмегімен 500 мыңдай медициналық маска таратылды.



4) Мыңға жуық қала тұрғынына материалдық емес көмектер көрсетілді. Мысалы: үйден шыға алмайтын азаматтарға, әсіресе зейнеткерлерге қажетті дәрі-дәрмек, азық-түлігін жеткізу, маскалар мен антисептиктер беру, т.б..

5) 5 100 отбасыға антисептикалық жинақтар берілді.

6) Осы жұмыстарға тартылған 500-ге жуық волонтердің ішіп-жемінің бәрі көмек берген демеушілердің есебінен жүзеге асырылды.

7) Осы аптада аз қамтылған 40 мың отбасыға 2 млн. медициналық маска таратыла бастады.

Бұл жағдай – бәрімізге бірдей ортақ ауыртпалық. Елбасының тұтастығымызды танытатын тағдырлы күнде өзгенің де жағдайын ойлауды естен шығармайық деген Үндеуі осындай сәтте халқымызды біріктіріп, бірлігімізді арттыра түсті", - деп Facebook парақшасында жазды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары