$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирустың салдарынан кофе тапшылығы болуы мүмкін

Әлемдік нарыққа кофе жеткізетін Латын Америкасында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны аз емес.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Кофе тапшылығына плантациялардағы жұмыс күшінің жетіспеушілігі себеп болып отыр, деп хабарлайды Baq.kz, Bloomberg дерегіне сілтеме жасап.

Бразилия, Колумбия және Перуде кофе бұршақтарын жинау кезінде жұмыс күшінің жетіспеушілігіне байланысты, келер жылы кофе дәндерін жеткізуде қиындық тууы ықтимал.

Осыған орай коронавирус инфекциясының Оңтүстік Американың бірнеше елінде таралуы экономикалық проблемаларға, атап айтқанда, әлемдегі кофе тапшылығына әкелуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, кофе дәндерін жинауға жұмыс қолы тапшылығы себеп болады деген қауіп бар. Әлемдік нарыққа кофе жеткізетін Латын Америкасында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны аз емес.

Бұл салаға кейбір банктердің жұмысын тоқтатуы, жұмыс күнінің қысқартылуы, санитарлық нормалардың енгізілуі, сондай-ақ, қоғамдық көліктерің қысқаруы да кері әсер ететін фактор болып отыр.

"Әлем елдеріне кофе өнімін жеткізудің үштен екі бөлігін құрайтын арабика кофе дәндері жиналатын Бразилия, Колумбия және Перуде жағдай қиындау", - деп жазады агенттік.

Бұл ақпаратты аталған елдердегі түрлі компания өкілдері, сонымен бірге олармен жұмыс істейтін америкалық фирмалар да растап отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кофе