$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адам туралы тың деректер белгілі болды

Артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Алматыда қайтыс болған 2 адам туралы тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. 

"Дүниеден өткен бұл екі адам да денсаулықтары аса ауыр халде болған-тын. Оның біреуі 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды.

Екіншісі 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жай-күйде болған", - делінген ресми хабарламада.

Мұнан бөлек, Қазақстандағы 20 сәуір 09:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай анықталды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 24 адам тіркелді, оның ішінде Қызылорда облысында - 1, Нұр-Сұлтан қаласында - 9, Алматы қаласында - 1, Шымкент қаласында - 4, Батыс Қазақстан облысында - 1, Павлодар облысында - 4, Қостанай облысында - 4.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 381 адам, Алматы қаласында – 525 адам, Қарағанды облысында - 93 адам, Ақмола облысында - 82 адам, Атырау облысында - 80 адам, Жамбыл облысында - 61 адам, Шымкент қаласында - 71 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 44 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 30 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 149 адам, Батыс Қазақстан облысында - 63 адам, Түркістан облысында - 60 адам, Қостанай облысында - 19 адам, жалпы 1735 науқас тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы ақпаратқа сәйкес, елімізде коронавирустан 401 адам жазылып шықты, ал 19 адам көз жұмды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары