$ 448.89  477.93  4.76

Нұр-Сұлтанда карантинге алынған үйден өрт шықты

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Нұр-Сұлтанда карантин жарияланған көпқабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 сәуірде сағат 08.01-же өртке қарсы қызметке Мұстафин көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйден өрт шыққан туралы хабарлама келіп түскен. 

"Өртсөндірушілер оқиға орнына барған кезде екінші қабаттағы пәтердің балконында тұрған заттар өртеніп жатқан. 35 адам эвакуацияланды, олардың 15-і - балалар. Өрттің аумағы - 5 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары