$ 494.87  520.65  4.91

Елордада кімдерге көлік жууға рұқсат беріледі?

Сонымен бірге, спикер химиялық тазалау орындарының жұмыс тәртібін түсіндірді.
фото: openbusiness.ru
фото: openbusiness.ru

Елордада 20 сәуірден бастап қайта ашылатын кәсіпкерлік нысандардың бірі - көлік жуу орындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті Жұмыс орны мен коммуникациялық нысандардағы жұқпалы аурулар бойынша қадағалау бөлімінің басшысы Гүлнар Қалиева айтып берді.

«Көлік жуу орындарына карантинде қала ішінде жүруге рұқсаты бар көліктер ғана бара алады. Жедел штабтың 28 наурыздағы шешімімен көшеде жүрудің негізгі тәртібі бекітілген», - деп атап өтті Г. Қалиева «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген онлайн брифингте.

Сонымен бірге, спикер химиялық тазалау орындарының жұмыс тәртібін түсіндірді.

«Сағат 9:00-18:00 аралығында жақын маңдағы химиялық тазалау нүктесіне баруға болады. Немесе кейбір орындар бұйымды үйден алып кетіп, тазартқан соң қайта жеткізіп береді. Болмаса тек жақын орналасқан химиялық тазартуға баруға рұқсат. Қала ішіндегі полиция үйден шығуыңыздың себебін мұқият тексереді», - деді ол.

Бұған дейін Гүлнар Қалиева 20 сәуірден бастап қайта ашылатын кәсіпорындарға қандай талап қойылатынын түсіндірген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көлік жуу