01.03.2016, 02:59

1 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді. Т тек батыста және оңтүстік шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. 

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады.Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде және таңертен жел 15-20 м/с күшейеді.Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қазақпарат