$ 498.34  519.72  4.85

COVID-19 жұқтырғандардың қатарында бұрынғы вице-министрдің бары расталды

Соған байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылды.

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасындахабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Кеше Камалжан Надыров денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылып, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

"Кеше үкімет қаулысымен Камалжан Надыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Алматы қаласында коронавирустық инфекция кеңінен тарап, жағдай қиындаған соң қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Тілеухан Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдірген болатын. Қаладағы команданы күшейту мақсатында басқарма басшысы лауазымына Надыровты тағайындау жоспарланған еді",- деп жазды министр.

Алайда Надыровтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

"Кеше кешкісін Надыровқа коронавирус инфекциясын жұқтырған деген диагноз қойылды, қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты. Әріптесім Камалжан Талғатұлының тез сауығып кетуіне тілектеспін және қолдау білдірімен!", - деп жазды Біртанов.

Соған байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус