$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында сарбаз атылып өлді

Бұл іс Ақмола гарнизоны бойынша әскери прокуратураға берілді.

Ақмола облысы Степногорск қаласында сарбаз атылып өлді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"22 сәуірде сағат 7:30 шамасында № 3517 әскери бөлімінде (Степногорск қаласы) мерзімді әскери қызметтегі қатардағы Б.А. Рашев есімді сарбаз түзету мекесемінде қарауылда болған. Онда ол өзіне қарумен оқ атқан. Оқ басына тиіп, сарбаз алған жарақатынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Бұл іс Ақмола гарнизоны бойынша әскери прокуратураға берілді.

"ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бұйрығымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс басталды. "Орталық" өңірлік қолбасшылығы оқиға орнына арнайы топ жіберді. Қызметтік тексерістің қорытындысы жарияланады", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сарбаз