Нұр-Сұлтанда карантин аумағына кірмек болып, полицейлерді балағаттаған ер адам қамауға алынды - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұның алдында 30 жастағы ер адамның полицейлердің ар-намысына тиетін сөздер айтып, өзін Пабло Эскобар деп атаған еді.
Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. 22 сәуірде Омаров Әмірхан Нұржанұлы ұсталып, екі айға қамауға алынды. Ол 1990 жылдың 4 қаңтарында дүниеге келген.
Ұсталған ер адам кешірім сұрап, видео түсірді.