$ 446.49  475.38  4.79

Канело көпшілік күтпеген мәлімдеме жасады

15 жылдың ішінде ол төрт салмақ дәрежесінде әлем  чемпионы болды.
фото: 365info.kz
фото: 365info.kz

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz, vRINGe.com дерегіне сілтеме жасап.

18 шілдеде орта салмақта WBA (Super) мен WBC (Franchise) және екінші орта салмақта WBA (Regular) титулының иегері 30 жасқа толады. 

"Меніңше, 36 жас - карьераны аяқтайтын жақсы мерзім. Көп болса, 37 жас. Тәртіп, еңбекқорлық және бар күшімді салатын әдетім жоғалған жоқ. Уақыт өте жалғыз өзгергені - менің жетістіктерім. Қазір боксқа жаңа келген кезімдегідей әлі де күн сайын жаттығамын.

Бокс - бұл өмірім. Денем жекпе-жекті аңсайды. Кездесу жоспарланса да, жоспарланбаса да, жаттығу жасаймын. Себебі бұл істі жақсы көремін. "Зейнетте" не істеймін? Өзімді бизнеске арнап, күн сайын гольф ойнаймын", - деді Альварес Box Azteca-ға берген сұхбатында. 

Еске салайық, Альварес кәсіпқой боксқа 2005 жылы қазанда 15 жасында келген. Соңғы 15 жылдың ішінде ол төрт салмақ дәрежесінде әлем  чемпионы болды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары