02.03.2016, 05:26

Тәжікстанда аштық орнауы мүмкін

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон биыл елде астықтың бітік шықпауына байланысты азық-түлік тапшылығы орын алуы мүмкін екенін айтып, халықты қор жинауға шақырды. Бұл туралы президент кеше өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеген болатын.

«Эмомали Рахмон биыл қардың аз жауғанын және көктемнің тым ерте шыққанын айта отырып, егіс алқаптарында құрғақшылық орын алу мүмкіндігі басым екенін ескертті. Сондықтан, тұрғындар азық-түлік қорымен бірге суды да молынан сақтауы абзал», — делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Рахмон сондай-ақ, агроөнеркәсіптік мекеме басшыларына қазірден бастап егістік алқаптарын қолдан суара беру керектігін де айтты. «Әсіресе, бау-бақшалар мен жүзімдіктерді басптауды қазірден бастау керек» деді ол. Ал, мемлекеттік шараларға жұмсалатын шығындарды барынша қысқарту керек деп бұйырды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Тәжікстан әлемдегі ең кедей елдердің қатарына кіреді. Бүгінде ел билігі инвестиция тартудың барлық жолдарын қарастыруда. Ал, 10 ақпан күні үкімет жемқорлықпен және қыз зорлап сотталғандарға айып төлеп түрмеден шығуға рұқсат берді. Айыппұл көлемі түрмедегі әр күн үшін 200 мың сомонды (шамамен 10 мың теңге) құрайды.