Ақтөбеге Ресейден екі күн бұрын жеткізілген студенттерден жаппай коронавирус инфекциясы анықталып жатыр. Қазірдің өзінде 212 студенттің 18-нен вирус табылды. Осы жастармен тығыз қарым-қатынаста болған 20 студент 14 күнге оқшаулағанбақ. Мамандардың сөзінше, студенттер Ресейден шығар кезде коронавируске тексерілмеген. Науқастар Қызылорда, Нұр -Сұлтан, Тараз және Шымкент қалаларының тумалары.
–Ресейден келгенде кезде студенттерде ешқандай клиникалық белгілер болған жоқ. Дене қызуы болмады. Лабораториялық тексерістен кейін ғана вирус анықталды. Бәрінде аурудың бастапқы сатысы. Сондықтан жеңіл түрде өтер дейміз, – дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Ресейден Ақтөбеге жетіп, жарты жолда сына тапсырып вирусқа шалдықпаған жастар бүгіннен бастап тұрғылықты мекен-жайларына автобуспен жіберілмек.
Мамандардың айтуы бойынша, Ақтөбеге әлі де Ресейден Қазақстан азаматтары көптеп келуі мүмкін. Өйткені Қазақстанға қайту үшін өтініш беріп жатқандар көбейген.
"Қазір нақты цифр айта алмаймын. Ақтөбенің ғана емес, бүкіл республика бойынша Ресейден елге оралғысы келетін студенттер бар. Олардың көбі Ақтөбе арқылы елге келеді",– дейді Әсет Қалиев.
Ал Атыраудан келген жұмысшылар вирустан дін аман екен. Ақтөбеге бүгін тағы вахталық әдіспен жұмыс істейтін 400 жұмысшы жеткізілді.