$ 498.34  519.72  4.85

Ұландық пен полиция қызметкерлері 15 адамды өрттен аман алып қалды

“102” нөміріне хабарлап, әскери қызметші полиция қызметкерлерімен бірге үй тұрғындарын эвакуациялауға кірісті.

Ұландық пен полиция қызметкерлері өртенген коттеджден 15 адамды алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әскери қызметші түнгі кезекшіліктен үйіне қайтып бара жатқан жолда үш қабатты коттеждің төбесінен қою түтінді байқайды.

22 сәуір сағат 02.30 шамасында Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальонының әскери жасақ басшысы Мақсат Борамбаев қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету бойынша қызметтен кейін үйіне бара жатқан. Алтынсарин көшесінде ұландық будақтаған қара түтінді байқады.

“102” нөміріне хабарлап, әскери қызметші полиция қызметкерлерімен бірге үй тұрғындарын эвакуациялауға кірісті.

"Бастапқыда мен біреулер далада от жағып отыр ма деп ойладым. Жақындай келе түтін коттедждің дәл шатырынан шығып жатқанын көрдім. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүр екен, олар үйдің ауласына кіре алмай тұрғанын байқадым. Қол күшін пайдалану арқылы біреуін ішке кіргіздік. Ол қақпаның арғы бетінен бізге есікті ашты. Біз тез арада үйге кірдік. Онда 15 адам, оның ішінде екі жасар бала бар болып шықты. Эвакуациялау кезінде үйдің үшінші қабаты толығымен жанып жатты, онда екі адам ес-түссіз жатқан. Біз оларды жанып жатқан үйден дер кезінде алып шықтық. Қуанышымызға орай, ешкім зардап шекпеді. Өрт сөндірушілер келгенше біз тілсіз жауды өз күшімізбен сөндіргіміз келді, алайда жалын ұлғайып кеткеннен соң ауыздықтай алмадық” , – деді ұландық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары