25.04.2020, 18:00

Денсаулық сақтау министрлігі онлайн-хакатон жариялайды

фото: kaztag.kz
Коронавирус дүниежүзі бойынша денсаулық сақтау, білім беру, ақпаратқа қол жеткізу және дербес деректерді қорғау саласындағы проблемаларды ашты.

Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру кеңсесінің қолдауымен Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы мен Касперский зертханасы пандемия кезінде ҚР-ның алдында тұрған жаңа сын-тегеуріндерді шешу үшін технологиялар мен өнімдердің онлайн-хакатонын жариялайды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Денсаулық сақтау министрлігінің facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. ⠀ "Коронавирус дүниежүзі бойынша денсаулық сақтау, білім беру, ақпаратқа қол жеткізу және дербес деректерді қорғау саласындағы проблемаларды ашты. Бүгінде бүкіл әлем технологиялық дамыған елдерден АТ саласында дамушы мемелекеттерге дейін цифрлық құралдарды эпидемияны бақылаудың тиімді әдісі ретінде пайдаланып отыр. ⠀ Біз жас инноваторлар мен түрлі салалардың кәсіби сарапшыларын Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске қосу үшін бірігуге шақырамыз. ⠀ Ұсынылатын міндеттер: - дербес және медициналық деректерді қорғау; - коронавирустық инфекциямен және оның салдарларымен тиімді күресу үшін ақпаратқа ыңғайлы және технологиялық қол жеткізу; - Fake-news-тен сақтау; - дағдарыс жағдайында да адамның құқықтары мен бостандығын сақтау; - Денсаулық сақтау саласында жұмыс істеу ыңғайлылығын арттыру; - медицина қызметкерлерінің құрал-саймандарының технологиялық дамуы. ⠀ Іс-шараның жалпы жүлде қоры – 6 миллион теңге! ⠀ Тіркелу үшін https://clck.ru/N8AK8 сілтемесіне өтіңіз. ⠀ Толық ақпаратты сайттан таба аласыз: https://digitalcitizenship.kz", - делінген ресми хабарламада.