$ 494.87  520.65  4.91

Солтүстік Корея Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыстың нүктесін қойды

25 сәуір күні қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде Гонконгтың HKSTV арнасының вице-директоры Солтүстік Кореяның басшысы қайтыс болды деген хабар таратыпты.
фото: tsn.ua
фото: tsn.ua

Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ынның өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Кореяның достық қауымдастығының басшысы, дипломат Алехандро Као де Бенос мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Айтуынша, КХДР-дың өлгені туралы суық хабар жалған әрі құйтырқы екен. 

25 сәуір күні қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде Гонконгтың HKSTV арнасының вице-директоры "Солтүстік Кореяның басшысы қайтыс болды" деген хабар таратыпты. Мұны жазған адам өзінің ақпарат көзін сенімді деп айтыпты. 

Кейіннен КХДР басшысы Вонсан қаласындағы шипажайда жатқаны анықталыпты. Ол жерде Ким Чен Ынға тиісілі медициналық мекеме бар көрінеді. Ол жақта арнайы пойыздың болуы кореялық басшының расымен де сол жақта екенін аңғартады. 

Тағы да оқи отырыңыз: АҚШ Президенті Ким Чен Ынның денсаулығына қатысты пікір білдірді

«Билеу жүйесі солай қала береді»: Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы сыбыс шықты

КХДР басшысы қайтыс болды деген ақпарат оның кейін кезде көрінбей кеткеніне байланысты шыққан. Осыған байланысты "Ким Чен Ын өзінің мұрагерін дайындап жатыр" деген хабар да таралыпты. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары