$ 498.34  519.72  4.85

Сыр ақындары Алтын Орданы жырға қосты

Сыр топырағындағы тарихи орындарды тілге тиек етті. Сонымен бірге, қағытпа қалжыңмен жазба айтыстың сәнін келтіре түсті.

Сыр өңірінде Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты жазба ақындар айтысы басталды. Әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып жатқан онлайн айтысқа аймақ ақындары белсене атсалысу үстінде.

Қармақшы ауданынан қатысқан Тұрар Бекмырзаев пен Арал ауданының қатысушысы Ержеңіс Әбдиев әлеуметтік желі арқылы өзара жазба айтысын жасап, оқырмандардың ықыласына бөленді. Өтірік өлең форматында жазылған шумақтары арқылы ақындар тарихта өткен тұлғаларды, Сыр топырағындағы тарихи орындарды тілге тиек етті. Сонымен бірге, қағытпа қалжыңмен жазба айтыстың сәнін келтіре түсті. Онлайн жазба айтысының негізгі мақсаты да Ұлы дала өркениетін өлең жолдары арқылы көпшілікке көрсету болатын.

Алтын Орданың 750 жылдығына орай өтіп жатқан онлайн жазба айтысы сәуірдің 26-сына дейін жалғасады. Мұнан өзге Сыр өңірінде Қызылорда облысы мәдениет басқармасының, Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимінде түрлі мәдени шаралар өтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алтын Орда