Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстердің ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақордаға сілтеме жасап.
"Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет", - деді Тоқаев.