«28 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, тұман, найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: 28 сәуірде найзағай, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Көкшетау қ.: 28 сәуірде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%.
«28 сәуірде Карағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 28 сәуірде күндіз найзағай, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 28 сәуірде найзағай күтіледі. Күндіз жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп атап өтті синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 80-85%.
«28 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел шығыстан батысқа, солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі», - делінген ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 95-100%.
«28 сәуірде Қостанай облысында кей жерлерде найзағай, тұман түседі. Батыстан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Қостанайда 28 сәуірде түнде және ертеңгісін тұман күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.
«28 сәуірде Түркістан облысында күндіз кей жерлерде күшті жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел тұрады. Шымкентте 28 сәуірде күннің екінші жартысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел тұрады. Түркістанда 28 сәуірде ертеңгісін және күндіз найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел тұрады», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95 %.