06.04.2020, 09:03

Қазақстандағы Төтенше жағдай: Алматы облысы ТЖД қалай жұмыс істеп жатыр?

Осы орайда еіліміз бойынша төтенше жағдай кезінде коронавирус дертінен жеке қорғану әдістері мен шаралары туралы халық арасында профилактикалық іс-шараларға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Қазіргі таңда елімізде жарияланған Төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында Қазақстан бойынша түрлі шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда әсіресе санитарлық-гигиеналық нормалар күшейтіліп, қатаң бақылауға алынған. Сондай мысалдардың бірі, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің барлық бөлімшелерінде аталған нормалар күшейтіліпген. Оның ішінде күніне екі рет үй-жайға санитарлық өңдеу жүргізіліп отырады, - деп хабарлайды Sn.kz.

Сонымен бірге, Төтенше жағдайлар департаментінің базасында тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылды. Бұл ретте аталған штаб аты жаман вирустың таралуы мен күресу туралы барлық ақпараттар түсіп отырады. Ал облыстағы департаменттің барлық жеке құрам қорғаныш маскалармен және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілген.

Осы орайда еіліміз бойынша төтенше жағдай кезінде коронавирус дертінен жеке қорғану әдістері мен шаралары туралы халық арасында профилактикалық іс-шараларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өйткені қарапайым тұрғындардың да бұл мәселеде жауапкершілікпен қарағаны маңызды екені белгілі. Дәл осы мақсатта жұмыс істеу үшін бүгінгі таңда төтеншеліктер әлеуметтік желілер мен «Дармен» мобильді қосымшасы қолданып отыр. Сондай-ақ теле-радиолардан түсіндіру жұмыстарын насихаттау мақсатында талаптарды ұстау жағдайына коронавирустық инфекцияға қатысты төрт бейнеролик дайындалды. 

Өздеріңізге белгілі, қала ішінде ары-бері жүретін жеке көлік қозғалысына да шектеу қойылып, көлік ағынына ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта облыс аумағында жолаушылар, қоғамдық көліктің (поездар, ұшақтар мен автобустар) қозғалуына күнделікті мониторинг жасалды. Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасымен шекаралас үш аудан бойынша шекара және кеден қызметімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.

Жалпы Алматы облысының аумағында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті іс- шаралар жүзеге асырылып отыр. Оның ішінде, атап айтқанда, төтенше жағдайларда, өрттердің алдын алу, адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында волонтерларт мен еріктілерді тартып отыр. Осы орайда халықты оқыту мақсатында интернет желілері арқылы Алматы облысының аудандарында «Киберволонтёр» және «Онлайн семинары» жобалар іске қосылды. 

Сонымен бірге, Instagram әлеуметтік желісі арқылы күн сайын тікелей эфирде онлайн сабақтар өткізіледі. Осы акция бойынша афишалар сайтта орналастырылған «Qazvolunteer.kz», «@jasotan_almob» екенін атап өткеніміз жөн. 

Осы орайда айта кетейік, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті COVID-19 вирусынан қорғау әдістерін ұсынып отыр. 

Атап айтқанда: 

- қол гигиенасын сақтаңыз. Қолды сабынмен жиі жуып, әсіресе жөтелгеннен, түшкіргеннен кейін, сондай-ақ адамдармен жақын қарым-қатынаста болған соң, қолды дезинфекциялау құралдарын пайдаланыңыз:

- сіздің қолыңыздың көзге, мұрынға және бетіңізге жанасудан барынша аулақ болыңыз;

- қорғаныш Маска киіңіз;

- науқас адамдармен және олардың керек-жарақтарымен жанасудан барынша аулақ болыңыз;

- жөтелу немесе түту кезінде ауыз бен мұрынды жабу үшін майлықтарды пайдаланыңыз, содан кейін оларды қоқысқа тастаңыз және қолды мұқият жуыңыз. Егер сіз алақанды пайдаланбастан майлықтар қол жетімді болмаса, мұрын мен ауызды түту үшін шынтақты бүгуді пайдаланыңыз;

- жалпы жақсы гигиеналық әдеттерді ұстаңыз;

- көкөністер мен жемістерді қолданар алдында мұқият жуыңыз;

- теңдестірілген тамақтану, дене шынықтырумен айналысу, сондай-ақ толыққанды сегіз сағаттық ұйқы, сіздің ағзаңыздың иммундық жүйесін жақсы жағдайда қолдауға көмектеседі.

Сонымен бірге, Алматы облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға баса назар аудара отырып түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысына  қабылдады. Қабылданған қаулыға сәйкес Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері күн сайын тұрғындар арасында дауыс зорайтқыш байланысы бар автокөлікпен елді мекендерді аралайды. Міне, осындай жолымен короновирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Айта кетейік, Алматы облысында орналасқан екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» АҚ сияқты халыққа қызмет көрсету объектілеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. Яғни қатаң талап пен ерекше режиммен жұмыс істеп отырған мекемелерде профилактикалық іс-шаралар барысында халыққа жеке қорғану тәсілдері мен шаралары туралы ақпарат, ауру жағдайында өзін-өзі ұстау тактикасы және өрт қауіпсіздігі ережелері жеткізіледі. Сонымен қатар, бұл жұмыс Денсаулық сақтау ұйымдарында және мешіттердің ғимараттарында орнатылған дауыс ұлғайтқыш құрылғылар арқылы жүзеге асырылады.

Ең бастысы, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан мүмкіндігінше көшеге шығуды азайтып, үйде отыру арқылы бұл індетті бірге жеңуге шақырып отыр.