04.03.2016, 02:44

4 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін республиканың солтүстік және солтүстік-батыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі. Республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Қарағанды,  Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде  тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау, Акмола,  Жамбыл облыстарының кей жерлерінде  тұман, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан,  Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Қазақпарат