$ 498.34  519.72  4.85

Помпео Солтүстік Кореяға коронавирус қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді

Сондай-ақ Майк Помпео КХДР билігінде кім отырғанына қарамастан АҚШ Корей түбегінде толық денуклеаризация болуына мүдделі екенін атап өтті.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео КХДР-ға аштық және коронавирус қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Оларға коронавирус және аштық қаупі төніп тұр. Солтүстік Кореяда азық-түлік тапшылығы бар. Біз барлығын мұқият бақылап отырмыз. Себебі, бұл жоспарымызға әсерін тигізуі мүмкін. Соңында Солтүстік Корея денуклеаризация жасауы мүмкін", - деді ол Fox News телеарнасының тікелей эфирінде.

Сондай-ақ Майк Помпео КХДР билігінде кім отырғанына қарамастан АҚШ Корей түбегінде толық денуклеаризация болуына мүдделі екенін атап өтті.

"Миссиямыз бұрынғыдай болып қала береді. Яғни Солтүстік Кореяның ішінде және оның басшығылына не болып жатқанына қарамастан төраға Ким Чен Ын және президент Трамппен Сингапурда Корея түбегіндегі толық және тексерілетін денуклеаризация уағдаласына қол жеткізу", - деді Помпео.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус