30.04.2020, 12:40

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға алғыс айтты

фото: pronewsdobrich.bg
Швецарияда пандемияның кесірінен болған дағдарыстан шығу және оны еңсеру бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеу жөнінде ДДСҰ төтенше комитетінің кезекті отырысы өтеді.

ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Орталық Азия өңірінде көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Мен қалыпты әлеуметтік-экономикалық өмірге қайта оралу мақсатында қазіргі жағдайды бақылау үшін инновациялық стратегияларды келісу бойынша өңірлік үйлестіру, карантиннен шығу жолдарын пысықтау аса маңызды екеніне сенімдімін", – деді Майкл Райан Женевадағы ДДСҰ штаб-пәтерінде өткен брифингте.

Бүгін Швейцария астанасында COVID-19-дың таратылуына байланысты ахуалды бағалау және пандемияның кесірінен болған дағдарыстан шығу және оны еңсеру бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеу жөнінде ДДСҰ төтенше комитетінің кезекті отырысы өтеді.