Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аудандарында наурыздың 4-5 күндері қар көшкіні жүруі мүмкін деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдапйлар комитетінің баспасөз қызметі. Осыған байланысты аталған аймақтарда дауылды секерту жарияланды.
Күннің күрт жылуына байланысты қар көшкінінің жүруі қалыпты жағдай. Сондықтан құтқарушылар туристер мен тауға шыққысы келетін өзге де тұрғындарға сапарларын кейінге қалдыруын ескертеді. Синоптиктер болса бүгін Алматы облысының кей аудандарына тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететінін айтып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында да дауылды жел тұрады депр күтілуде.
Ал, еліміздің солтүстік және солтүстік батыс өңірлерінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады, күшті жел тұрады. Ал, республиканың өзге аймақтарында ертең күн ашық. Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі деп күтілуде.