$ 443.85  474.3  4.8

«Карьерамды аяқтайтын уақыт жеткен сыңайлы» - Илья Ильин

Өңір басшысы Илья Ильиннің қызметтегі карьерасын өзінің туып өскен жері Қызылорда облысынан бастау туралы ойын қолдаған.
Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

Белгілі спортшы, ауыр атлет Илья Ильин Instagram желісінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықовамен кездескені туралы жазба қалдырды. Спортшының айтуынша, кездесуді карантин режиміне сәйкес қол беріп амандаспай, арақашықтық сақтап өткізген.

«Кездесудегі мақсат – жақын танысып, спорттағы, өмірдегі алдағы жоспарым туралы бөлісу. Мен түрлі белестерді бағындырып, жетістікке жеткен жандардың пікірін қатты құрметтеймін. Солардың бірі – Гүлшара Наушақызы. Олимпиададағы карьерамды аяқтайтын уақыт жеткен сыңайлы екенін және алдағы уақытта қолым босап, өзімді басқа салада сынап көруге дайын екенімді жеткіздім. Сол салалардың бірі – спорт менеджменті», - дейді спортшы.

Өңір басшысы Илья Ильиннің қызметтегі карьерасын өзінің туып өскен жері Қызылорда облысынан бастау туралы ойын қолдаған.

«Мен Қызылордада дүниеге келдім. Облыстағы, еліміздегі спорттың дамуы үшін еңбек етуге дайынмын. Бұл ойымды Гүлшара Наушақызы да қолдады. Ол үшін алғысымды айтамын», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары