$ 494.87  520.65  4.91

«Air Astana» әуекомпаниясы билеттердің бағасын көтеруге мәжбүр екенін мәлімдеді

Дегенмен, осыдан алдын индустрия және инфрақұрылым министрлігінің өкілдері авиабилеттердің бағасы бұрынғы бағада қалатынын айтып еді.

"Air Astana" әуекомпаниясы билеттердің бағасын 10 мамырдан кейін көтере алады. Бұған дейін тарифтер бұрынғыдай қалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Хабар24-ке сілтеме жасап. 

Компанияның мәлімдеуінше, Қазақстанда авиатасымалдаушыларға қойылып отырған талаптар жоғары және ұшақтардың жартылай бос болуынан біраз шығын әкеледі.

"Егер жолаушыларды "біреуден кейін" отырғызу туралы талап жойылмаса, біз 10 мамырдан кейін авиабилеттердің бағасын көтеруге мәжбүр боламыз", - деді "Air Astana" АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдрахимов.

Дегенмен, осыдан алдын индустрия және инфрақұрылым министрлігінің өкілдері авиабилеттердің бағасы бұрынғы бағада қалатынын айтып еді.

"Әуе кемесінің бортында әлеуметтік қашықтық, жолаушыларды бір жолаушы креслосы арқылы отырғызу қажет. Осыған байланысты әуе кемелері 50-60% - ға толтырылатын болады. Бірақ авиакомпанияда тарифтер көтерілмейді", - дейді  ҚР МИИР азаматтық авиация комитетінің орынбасары Салтанат Томпиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#«Air Astana»