02.05.2020, 06:50

COVID-19: Республикамызда жұқтырғандар саны 3600-ге жуықтады

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 вирусынан 922 адам емделіп, 25 адам қайтыс болған.

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 23 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жұқтырудың жаңа деректері: Нұр-Сұлтанда – 1, Алматыда – 7, Ақтөбе облысында – 4, БҚО-да – 1, Жамбыл облысында – 4, Қарағанды облысында – 1, Қызылорда облысында – 3 және Маңғыстау облысында – 2.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 3597 адамға жетті. Олардың қатарында:

Алматы – 1150, Нұр-Сұлтан – 653, Қызылорда облысы – 207, Шымкент – 204, БҚО – 153, Қарағанды облысы – 152, Атыраус облысы – 146, Павлодар облысы – 145, Алматы облысы – 142, Жамбыл облысы – 140, Түркістан облысы – 128, Ақтөбе облысы – 118, Ақмола облысы – 99, Маңғыстау облысы – 57, Қостанай облысы – 50, СҚО – 30, ШҚО – 23.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 вирусынан 922 адам емделіп, 25 адам қайтыс болған.

Тегтер: коронавирус