05.03.2016, 02:43

5 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін республиканың батыс және солтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасынмен желдің күшейюі күтіледі. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау,Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде  тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен соққан жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады.

Қазақпарат