4 мамырда республиканың шығыс бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Еліміздің батыс аумағында антициклон әсерінен кей жерлерде тұман түсіп, күн күркірейді. Сондай-ақ, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыста және солтүстік шығыста ұйытқып жел тұрады. Оңтүстікте – шаңды дауыл.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде, ал күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысында кей жерлерде күн күркірейді, тұман, желдің күші – 15-20 м/с. Алматы облысында түнде және таңертең күн күркірейді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде – шаңды дауыл.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады, Маңғыстау облысында кей жерлерде күн күркүрейді. Жамбыл облысында түнде кей жерлерде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ал енді бұл ауа райының қай амалы дегенге келсек, қазақ мамыр айының бас кезінде болатын салқынды «Қызыл жұмыртқа» деп атаған. Бұл кезде құстар балапандарын шығара бастайды. Ол – оңтүстікте сәуірдің соңғы күндері, ал өзге өңірлерде мамыр айының бас кезінде болатын салқынның түрі.
Құстар жұмыртқалап болған соң, «Қызырдың қамшысы» келеді әлі. Бұл да мамыр айының ішінде болатын суық. «Қызырдың қамшысы» шартылдап жатыр. Суық кетіп, күн жылынады» деген сенім бар қазақта. Бұл кезде де ауа райы салқындап, жаңбыр жауып, күн күркірейді.
«Қызырдың қамшысынан» соң, мамырдың жиырмаларында «Құралайдың салқыны» келеді. Бұл кезде киік лағын өргізеді. Күн салқындап, жауын-шашын болады. Бұдан кейін қар жауып, салқын болмайды. «Құралай» біткен соң, жадыраған жаз келеді.