$ 443.44  480.51  4.88

Шымкентте кәсіпкерге қастандық жасауға тапсырыс берушілер ұсталды

Аталған оқиға биыл 6 қаңтар күні орын алған болатын. Күдікті екі жігіт «ИнтерГаз» компаниясының басшысын жұмыстан шыққанын күтіп, көше бойында кәсіпкер отырған көлікке оқ жаудырған. Абырой болғанда жәбірленуші мен оның көлік жүргізушісі аман, бірнеше рет атылған оқ оларға тимей, көліктің қаңқасын зақымдаған.

Араға екі айдай уақыт салып шымкенттік полицейлер ірі кәсіпкерге қастандық жасамақ болғандарды да, оларға тапсырыс берушілерді де қолға түсірді. Ұсталған төрт жігіт 1984, 1987, 1990 және 1992 жылы туған Шымкенттің және Ордабасы ауданының тұрғындары. Біреуі бұрын сотты болған, екіншісі ішкі істер органдарының есебінде.

Тергеу істерінің құпиялығына байланысты полицейлер тапсырыс беруші күдіктінің неліктен мұндай қадамға барғанын айтпай отыр. Дегенмен, қылмыстық іс тек бұзақылық бабы бойынша ғана қозғалып отыр. Қазір 29 жастағы қылмысты ұйымдастырушы мен 32 жастағы тапсырыс беруші және екі киллер қамауға алынып, өз үкімдерін күтіп отыр. Полиция қызметкерлері құрықталған күдіктілерден айғақты зат ретінде екі травматикалық тапанша, екі тегіс ұңғылы мылтық, Ф-1 гранатасы және травматикалық қарудың оқтарын тәркілеп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары