$ 494.87  520.65  4.91

«Қашан аяқталады?»: ақтаулықтар дауысзорайтқыш арқылы хабарлама таратуға наразылық танытты

Қазір барлығы қандай шара қолдану керек екенін біледі.

Ақтаулықтар дауысзорайтқыш арқылы халықты хабардар етуге байланысты шағымданды, деп жазады Ақтау-Лада аймақтық порталы.

Ақтау қаласы тұрғындарының басым бөлігі дауысзорайтқыш арқылы күнделікті хабар таратуды психологиялық шабуылға теңеді.

"Таңғы 10:00-ден 11:30-ға дейін және 13:00-ден 15:00-ге дейін аса жоғары дауыспен хабар таратады. Бұл қорқынышты жағдай қашан аяқталады? Қазір барлығы қандай шара қолдану керек екенін біледі. Бұл - психологиялық шабуыл", - деп мәлімдеді Елена есімді жергілікті тұрғын басылымға берген сұхбатында.

Алайда әкімдіктегілер карантин аяқталғанша тұрғындарды осылай хабардар ету тоқтатылмайтынын айтты. Себебі бұл бас санитар дәрігердің қаулысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#хабарлама