Ақтаулықтар дауысзорайтқыш арқылы халықты хабардар етуге байланысты шағымданды, деп жазады Ақтау-Лада аймақтық порталы.
Ақтау қаласы тұрғындарының басым бөлігі дауысзорайтқыш арқылы күнделікті хабар таратуды психологиялық шабуылға теңеді.
"Таңғы 10:00-ден 11:30-ға дейін және 13:00-ден 15:00-ге дейін аса жоғары дауыспен хабар таратады. Бұл қорқынышты жағдай қашан аяқталады? Қазір барлығы қандай шара қолдану керек екенін біледі. Бұл - психологиялық шабуыл", - деп мәлімдеді Елена есімді жергілікті тұрғын басылымға берген сұхбатында.
Алайда әкімдіктегілер карантин аяқталғанша тұрғындарды осылай хабардар ету тоқтатылмайтынын айтты. Себебі бұл бас санитар дәрігердің қаулысы.