$ 498.34  519.72  4.85

9 наурызға арналған ауа райы болжамы

Республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын мен жел күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады.

Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып,  жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарғанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман,көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.

Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары