Қазақстанда індетке шалдыққан тағы 72 адам тіркелді, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
"6 мамыр сағат 09:25-тегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 72 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 22, Алматыда – 20, Маңғыстау облысында – 3, Атырау облысында – 14, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қызылорда облысында – 1, Ақтөбе облысында – 5, Жамбыл облысында – 2, Қарағанды облысында – 1", - делінген хабарламада.
Осылайша елімізде коронавирус диагнозы барлығы 4 277 адамда расталды.
Алматы – 1392, Нұр-Сұлтан – 754, Атырау облысы – 223, Қызылорда облысы – 218, Шымкент – 216, Батыс Қазақстан облысы– 203, Қарағанды облысы – 169, Ақтөбе облысы – 168, Алматы облысы – 163, Жамбыл облысы – 162, Түркістан облысы – 155, Павлодар облысы – 152, Ақмола облысы – 101, Маңғыстау облысы – 88, Қостанай облысы – 53, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы– 30.