$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысынан автобус шығаратын зауыт бой көтереді

Сонымен қатар үкімет басшысы "Сарыарқа" АЭА-ға барып, онда "Steel Manufacturing" ЖШС патрон зауытының бірінші кезегін іске қосты.

Қарағанды облысының Саран қаласында "Yutong" маркалы автобустар мен арнайы мамандандырылған техника шығаратын зауыт салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің өңірге сапары аясында тиісті меморандумға қол қойылды.

"Инвестиция көлемі шамамен 23 миллиард теңгені құрайды, 1 100 жаңа жұмыс орны ашылады, жылдық жобалық қуаттылығы – 1 200 автобус және 500 дана арнайы техника", - деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.  

Бұл ҚР ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өнімдерді ЕАЭО елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар үкімет басшысы "Сарыарқа" АЭА-ға барып, онда "Steel Manufacturing" ЖШС патрон зауытының бірінші кезегін іске қосты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары