Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Олардың ішінде:
І дәрежелі "Даңқ" орденімен – ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов;
ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен – ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев;
ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен – ҚР Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы Санжар Әділов, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президент күзет қызметі бастығының орынбасары Сәкен Исабеков, ҚР Қорғаныс министрлігі бөлім командирінің орынбасары – 14776 әскери бөлімі орталығының бастығы Рахат Қарсембаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясы әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі мен даярлығы инспекциялық басқармасының бастығы – Бас инспекция бастығының орынбасары Төлеуқан Нұрқанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы Александр Пеньков;
ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен – Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің "Айбын" Президенттік полкінің 1-санатты маманы Ғалымжан Әлиев;
"Құрмет" орденімен – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры Тамерлан Жұмағалиев;
"Ерлігі үшін" медалімен – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аса маңызды істер жөніндегі офицері Айдос Бесжанов, Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Ерлан Жаңабаев, ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Жедел департаментінің аға жедел уәкілі Мирас Құрбанов, ҚР Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Сергей Мазур;
"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен - ҚР Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің офицері Шолпан Тауышова, ҚР Қорғаныс министрлігі 44813 әскери бөлімі С-300 зениттік зымыран дивизионының командирі Александр Томилин марапатталды.
Барлығы 45 адам ордендермен, 53 адам медальдармен және 3 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.