$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус Атырау облысына қарасты аудандардан анықтала бастады

14 жаңа жағдайдың арасында 8 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны бар.

Атырау облысында коронавирус инфекциясының тағы 14 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ТЖ қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб ақпаратына сілтеме жасап.

Өңірде Covid-19 жұқтырғандар саны 223 адамға жетті.

14 жаңа жағдайдың арасында 8 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны бар. Ол аудандық орталық ауруханада ем қабылдаған. Кішкентай қызда коронавирустың бар екендігі, ПТР тестілеу нәтижесінде анықталып, кейін іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес, ол инфекциялық стационарға жатқызылды.

Сонымен қатар, науқастардың ішінде индерлік 24 жастағы жүкті әйел бар.

4 мамыр күні Астраханнан келген 24 жасар студент те аталмыш дертпен ауруханаға түскен. Covid-19 анықталғанға дейін жігіт карантиндік стационарда жатқан.

Қазіргі уақытта науқастардың инфекция ошақтары анықталып, олармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ал қалған 11 науқас туралы ақпарат кейінірек жарияланатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары