$ 448.89  477.93  4.76

Киіктердің төлдеу маусымы басталды

Киіктердің төлдеу маусымы жыл сайын мамыр айында басталады және ол бірер аптаға созылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет киіктердің төлдеу маусымы басталғанын сүйіншілеп хабарлады.

«Осыдан бір-екі күн бұрын Қазақстанда киіктердің төлдеу маусымы басталды. Бірақ жаңа туған төлдерге оңай тиіп жатқан жоқ. Әлсіздері өліп, жыртқыштарға жем болып жатыр. Ал мықтылары киік санын көбейтуде. Табиғат заңы солай», - деп жазды ол.

Киіктердің төлдеу маусымы жыл сайын мамыр айында басталады және ол бірер аптаға созылады.

«Киіктер төлдеген уақытта ауа райы да құбылып, жауын-шашын, жел болады. Қазақта бұл кезеңді «Құралайдың салқыны» деп бекер атамаған. Ұрғашы киіктер төлдегенде еркек киіктер төлді жыртқыштардан қорғайды. Ал «Охотзоопром» инспекторлары мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы оларды браконьерлерден қорғап, үнемі бақылайды», - деп жазды ол.

Дереккөз: Азаттық рухы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#киік