Ресейлік кәсіпкер Әлішер Усманов Мақтаарал ауданындағы су тасқыны салдарынан жапа шеккен және эвакуацияланған азаматтарға көмек ретінде "Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорының есепшотына 5 млн 202 мың доллар көлемінде қаржы аударды деп жазады Zakon.kz.
Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың 5 202 жауапты мүшесінің дербес шотына аударылады.
Айта кетейік, Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы дамба бұзылып, жолындағы елдімекендердің бәрін шайып кетті. Тасқын су Қазақстанға, атап айтқанда Мақтаарал ауданына да жетіп, бірнеше ауыл су астында қалды. Ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.