$ 494.87  520.65  4.91

Президент баспанаға қатысты жаңа бағдарламаны іске қосуды тапсырды

Президенттің айтуынша, биыл Қазақстанда 15 миллион шаршы метр құрылыс нысаны мен 150 мың пәтер пәтер салу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "5-10-20" атты жаңа тұрғын үй несиесін іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Президенттің айтуынша, биыл Қазақстанда 15 миллион шаршы метр құрылыс нысаны мен 150 мың пәтер пәтер салу жоспарланып отыр. 

"Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру маңызды. Бұл үкімет жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі. Ол үшін құрылымды жаңғырту керек. Үкіметтегілер "Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы Жинақ банкі негізінде "Отбасы банк" даму және қолдау институтын құруы керек. Елбасының "7-20-25" бағдарламасы ипотекалық несиелендіру мен тұрғын үй құрылысына үлкен септігін тигізді. Кезекте тұрғандардың мәселесін шешу үшін жаңа "5-10-20" тұрғын үй несиесін жүзеге асыруды тапсырамын. Ол үшін 390 миллиард теңге бөлеміз", - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары