$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда төтенше жағдай режиміне бағынбаған букмекерлік кеңсе анықталды (ВИДЕО)

Букмекер кеңсесі қала орталығында жұмыс істеген.

Атырауда карантин кезінде жұмыс істеген Loto club букмекерлік кеңсе анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атырау облысы Полиция департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жергілікті департаментімен біріге отырып, операция жүргізген. Букмекерлік кеңсе қала орталығында жұмыс істеген.

"Нәтижесінде 7 келуші мен букмекер кеңсесінің 2 қызметкері карантин режимін бұзғаны үшін ұсталды. Барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары