$ 494.87  520.65  4.91

Далаға жаттығу жасауға шыққан Нұр-Сұлтан тұрғыны қамауға алынды

Ер адам далада жүгіріп, өзіне және басқаларға қауіп төндіргені анықталды.

Нұр-Сұлтанда ер адам далада жүгіргені үшін 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына сілтеме жасап.

Спорт әуесқойы карантинді 21 сәуірде бұзған. Жүгіруге және жаттығу жасауға тек 4 мамырдан бастап рұқсат берілді.

"Азамат карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайтында.

Ер адам далада жүгіріп, өзіне және басқаларға қауіп төндіргені анықталды. Қаулы заңды күшіне енді.

Бұған дейін елордада аралас жекпе-жектен промоутерлік компанияның президенті Анатолий Кимге айыппұл салынды. Ол 30 сәуірде Ботаникалық бақта спортпен шұғылданған. Ким жаттығуға тыйым салатын ресми құжат көрсетілмегенін айтып, кінәсін мойындамады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары