$ 444.22  476.38  4.82

Қызылордада «Абай – дана, Абай – дара қазақта» онлайн байқауы қорытындыланды

Байқау нәтижесі бойынша белсенділік танытқан 14 қатысушы диплом, алғыс хаттармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Фото: caravan.kz
Фото: caravan.kz

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 10-30 сәуір аралығында фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілері арқылы «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты облыстық онлайн байқауы өтті. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізілген онлайн байқауға 681 желі қолданушысы қатысып, хакім Абайдың шығармаларын орындады.

Бұл байқау Абай мұрасын дәріптей отырып, көпшілік арасында мәнерлеп оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Байқау нәтижесі бойынша белсенділік танытқан 14 қатысушы диплом, алғыс хаттармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Атап айтқанда, Қызылорда облысы, Арал ауданының тұрғыны Салтанат Жанабаева мен Сырдария ауданынан қатысқан Назерке Мантай үздік деп танылып, І орынды иеленді. Ал, Байқоңыр қаласының қатысушысы Алина Бақбергенова мен Қызылорда қаласының тұрғыны Фарида Бақытбек жүлделі ІІ орынға ие болды. ІІІ орын Қызылорда қаласынан қатысқан Бекзат Ешмұратовқа және Жалағаш ауданынан қатысқан Гүлсезім Алмабекке берілді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсетіп, белсенді болған қатысушыларға бірнеше номинациялар ұсынылды. Мәселен, Қызылорда қаласынан қатысқан Диана Айтбаева «Үміт» номинациясын алса, қазалылық Нұрдәулет Жеңісбекұлына «Жас толқын» номинациясы берілді. «Жарқын жұлдыз» номинациясымен қызылордалық Эльвира Зейнулла марапатталса, Қармақшы ауданынан қатысқан Ақнұр Назарова «Жалын» номинациясын алды. Сонымен қатар, қармақшылық Ақнұр Тұрарбековаға «Жас дарын» номинациясы ұсынылды. Аталған жүлделерге қоса дарынды қатысушыларға «Жас лингвист», «Жұлдызды талант», «Ұшқын» номинациялары сынды арнайы марапаттар ұсынылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан алдағы уақытта да интернет-акциялар ұйымдастырылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары