$ 443.85  474.3  4.8

Теңіз кен орнында коронавирус өршіп тұр

Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Фото: m24.ru
Фото: m24.ru

Теңіз кенішінде тағы 90 жұмысшы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Штаб ақпаратына сәйкес, індет жұқтырғандардың арасында 90 адам - Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, 83 ер адам және 7 әйел", деп Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Шұғыл штаб "Ақ жайық" басылымына мәлімет берген.
Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Ал, Covid-19 жұқтырған тағы екі жағдай Атырау қаласында тіркелді. Олар - 52 жастағы әйел мен 27 жастағы ер адам. Олармен байланыста болған адамдардың тізімі жасалып, ауру ошағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде", - делінген хабарламада.

2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 432-ге жетті, оның ішінде 359 адам - Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус