Қазақстанда өткен тәулікте тағы 154 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметтеріне сүйенсек, өсім 2,8 пайыз болған.
Аймақтар бойынша: Ақтөбе облысы - 8 (4,5 пайыз), Алматы облысы - 7 (3,8 пайыз), Атырау облысы - 25 (5,8 пайыз), Шығыс Қазақстан облысы - 3 (5,пайыз ), Жамбыл облысы - 1 (0,5 пайыз), Батыс Қазақстан облысы - 6 (2,3 пайыз), Қарағанды облысы - 4 (2,0 пайыз), Маңғыстау облысы - 8 (6,2 пайыз), Павлодар облысы - 1 (0,6 пайыз), Түркістан облысы - 6 (3,2 пайыз), Алматы қаласы - 50 (3,1 пайыз), Нұр Сұлтан қаласы - 30 (2,7 пайыз), Шымкент қаласы - 5 (2,0 пайыз).
Ауру жұқтырған 185 адам емделіп шықты.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 5571, айыққандар - 2408.